Несие көлемі тағы арта түсетін түрі бар. Асатанада «Елорда жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. Ол 6 ақпанға дейін birge.astana.kz сайтында қабылданбақ. Бағдарламаға бас қалада кемі 1 жыл тіркеуде тұрған 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Әрі олар денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт саласында жұмыс істеуі шарт. Журналист, полицей мен құтқарушылардан және «Жетім балалар» санаты бойынша кезекте тұрғандардан да үй алу үшін өтініштері қабылданады. Қарыз сомасы - 18 млн теңге, мөлшерлеме 5%. 25 жылға беріледі.