Бүгін Майқайың шұңқырына құлаған автобус пен ондағы екі құтқарушыны іздеу жұмыстары тоқтатылуы мүмкін деген ақпарат тарады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, опырылған аумақта жарықтар мен ойық пайда болған. Тереңдігі 3 метр. Іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құтқарушылар дереу қауіпсіз жерге шығарылды. Себебі, түбі қуыс жер опырылып кетуі мүмкін. Бірақ, жаңа ғана келіп жеткен ақпаратта ойық маңы тексеріліп, жұмысты жалғастыра беруге болады деген шешім шығарылған. Қазір эксковатор қазба жұмыстарын қайта бастады.