Дәрігерге қаралу QR-код арқылы расталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерге қаралу QR-код арқылы расталады

05.02.2024

Енді дәрігердің қабылдауында болғаныңызды QR-код арқылы растай аласыз. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев мәлімдеді. Мұндай пилоттық жоба қазір Астана, Алматы және Солтүстік Қазақстан облысының кейбір емханаларында іске қосылды. Вице министрдің айтуынша, емделуші eGov мобильді қосымшасы арқылы QR кодын сканерлейді. Қосымша науқастың емді бастаған уақытын, медициналық ұйымның атауын, дәрігердің аты-жөнін және емді аяқтаған уақытты көрсетеді.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу