АҚШ-тың Калифорния штатында бір аптада бірінен соң бірі екі түрлі дауыл көтерілді. Жел сағатына 112 шақырым жылдамдықпен соғып тұр. Бұған қоса су тасқыны мен сел жүруі мүмкін. Электр қуатымен қамтамасыз етуде қиындықтар болуы ықтимал. Тұрғындар қапшықтарға құм толтырып, тасқынмен күреске дайындалып жатыр. Ауа райының қолайсыздығы «Грэмми» жүлдесін табыстау рәсімімен тұспа-тұс келді. Салтанатты шараға қатысуға Лос-Анджелеске танымал жұлдыздар барған.
Арай Төлеген