Ресейде ажырасқандар айыппұл төлеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде ажырасқандар айыппұл төлеуі мүмкін

05.02.2024

Ресейде демографиялық аухал күрделеніп, адам саны азайып барады. Сондықтан елде ажырасқандар енді айыппұл төлеуі мүмкін.

Индира Бегайдар, тілші:

2023 жылдың алғашқы алты айында 333 970 неке бұзылды. Росстаттың мәліметі бойынша, заңды түрде үйленген 1000 жұптың 900-і ажырасады екен. Мамандар демографиялық ахуалды жақсарту керек деп есептейді. Өйткені бала туу көрсеткіші кейінгі 24 жылда төмендеген. 140 миллион халқы бар елде 1 млн 245 мың бала ғана дүниеге келді. Сондықтан ажырасуды тоқтату үшін айыппұл салу туралы ұсыныс айтылды.

Игорь Трунов, Ресей адвокаттар одағының президенті:

Алғашында айыппұл көлемі 30 мың рубль болуы тиіс деді. Ол ұсыныс бірақ осыған дейін қабылданбаған. Қазір енді заңды некесін бұзғандар 100 мың рубль айыппұл арқалауы мүмкін деген пікірлерді естіп жатырмыз.

Сондай-ақ ажырасқандарды түзету жұмыстарына тарту туралы ұсыныстар да бар. Дегенмен сарапшылар ажырасудың көбеюіне экономикалық қиындықтар, инфляция мен өмір сүру көрсеткішінің төмендеуі де әсер етті дейді.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу