Мемлекет басшысына Премьер министрдің кандидатурасын басқарушы саяси ұйым - «Аманат» партиясы ұсынады. Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли «Қазақпарат» агенттігіне осылай деп хабарлады. Еліміздің конституциясына сәйкес, Мемлекет басшысы кандидатты қолдаса, Мәжілістің қарауына береді. Егер үміткерді депутаттар қолдаса, Президент жаңа Премьер министрді тағайындайды. Осыдан кейін ғана үкіметтің жаңа құрамы, яғни министрлер тағайындала бастайды деді ол.