2 ақпанда Қазақстанның Сербиядағы Елшілігі «Серб тіліндегі қазақ халық ертегілері» кітабының 100 данасын Сербияның тәж ханшайымы Катарина Караджорджиевичтің қайырымдылық қорына ұсынды.
Кітап шығару жобасы туралы айта келе, ҚР Елшісінің жұбайы Л.Атамқұлова Қазақстан-серб ынтымақтастығының ең құнды активі болып табылатын адамдар арасындағы рухани байланыс екенін атап өтті. Осыған байланысты, ертегілерді шығарудың негізгі мақсаты екі ел арасындағы бірегей достық кодын келесі ұрпаққа беру болып табылады. Сонымен қатар, ертегілер арқылы жас серб оқырмандары қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныса алады. Тәж ханшайымы Катарина өз кезегінде осы жобаның бірегейлігін, оның жоғары миссиясын атап өтіп, қазақстандық тарапқа алғысын білдірді. Тәж ханшайымы аталғанкітаптар Сербияның қабылдау баспаналары мен балалар үйлеріне берілетінін атап өтті. Кітаптың бірнеше даналары Қордың Чикагода (АҚШ) орналасқан өкілдігіне жіберіледі.
Тәж Ханшайымы Катарина «балалар бұл кітапты өз балаларына тапсырады»деп қорытындылады.
Сербияның тәж ханшайымы Катарина қоры 2001 жылдың тамызында ерекше қажеттіліктері бар балаларға, жетімдерге және зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға көмектесу үшін құрылды. Қордың өкілдіктері Чикагода, Нью-Йоркте, Торонтода, Лондонда (ірі серб диаспораларын ескере отырып) ашылды. Югославия 1945 жылға дейін монархия болып қала берді, содан кейін ол басқару формасын республикаға ауыстырды. Соңғы патша Петр II Караджорджиевичболды. Оның ұлы Александр Караджорджиевичқазіргі уақытта Сербияның тәж ханзадасы, оның әйелі Катарина тәж ханшайымы.
Нұрсұлу Қасым