Жамбылда әлеуметтік нан 20 теңгеге қымбаттады. Бұған дейін дүкен сөрелерінде 100 теңгеден сатылса, енді 120 теңгеден саудаланады. Бұған бірнеше себеп бар. Негізгісі - наубайханаларға әкімдік тарапынан беріліп келген дотациялық ұнның ақпан айынан бастап тоқтауы. Оның үстіне, нан шығаратын нысандардың әбден тозығы жеткен. Құрылғыларын жаңартып, құрылыс жұмыстарын жүргізбек. Сондай-ақ кәсіпорындар 600-ге жуық жұмысшының жалақысын көтермекші. Айта кетейік, былтыр қарашада нан 120 теңгеге қымбаттап, артынша қайта 20 теңгеге түскен болатын.
Аспандияр Сейсебаев, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы:
Егер де ұнның бағасы төмендеген жағдайда заң аясында монополия және сауда заңы аясында нарықта да нан бағасы төмендейтін болады. Сондықтан біз ерікті бағаны бүгінгі күнде көріп отырмыз.
Данияр Әлімқұл