«Қарызсыз қоғам» жобасы биыл барлық өңірде жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қарызсыз қоғам» жобасы биыл барлық өңірде жүргізіледі

06.02.2024

Халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған Amanat партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы биыл барлық өңірде жүргізіледі. Осы айда облыстар мен республикалық маңызы бар 3 қалада 150 қаржы сарапшысын оқыту басталады. Бұл мамандар жыл бойы 200 мың қазақстандыққа қаржылық сауат ашу дәрісін оқиды. Онда несие мерзімі 90 күннен асып кеткен азаматтарға басымдық берілмек. Қаржы министрінің міндетін атқарушы Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, халықтың шамадан тыс несие алуы өзекті болып тұр. Сондықтан жоба сарапшылары әр азаматқа жеке-дара көмек көрсетеді.

Ерұлан Жамаубаев, қаржы министрінің мндетін атқарушы:

Еліміздің 65 мың тұрғыны қаржылық сауаттылық негіздерін оқып шықты. Бүгінгі таңда 9 мемлекеттік орган және 11 мемлекеттік деңгейдегі банктер арасында алдағы 3 жылға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 6 негізгі бағыт бойынша 25 іс-шараны қамтитын тиісті жол картасы әзірленіп, іске асырылуда.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу