Семейде ірі сауда орталығы өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде ірі сауда орталығы өртенді

06.02.2024

Семей орталығында орналасқан ірі сауда үйі өртенді. Қызыл жалын түнгі 03:00 шамасында ғимараттың бірінші қабатында тұтанған. Ғимаратта азық-түлік, киім кешек сататын пластик бутиктер орналасқан. Тез жанатын заттар да көп. Сондықтан өрт сөндірушілер отты дер кезінде ауыздықтай алмаған. Алдын ала болжам бойынша, өртенген аумақ шамамен 4 мың шаршы метр. Қауіпсіздік үшін «Ақшың» сауда орталығына жақын көшелер жабылған. Ұлттық ұлан мен полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алды. Өртті сөндіруге 350-ге жуық адам мен 47 техника, 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ.


Қымбат Көпбаев, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары:

Қазіргі таңда өртті сөндіру әлі жүргізілуде. Базардың маңайының бәрін қоршауға алды. Қауіпсіздік шараларын сақтау үшін. Өрттің нақты себебі, нақты көлемі өрт өшірілгеннен кейін белгілі болады.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу