Қостанай облысында 13 гидротехникалық нысан талапқа сай емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 13 гидротехникалық нысан талапқа сай емес

06.02.2024

Қостанай облысындағы 13 гидротехникалық нысан талапқа сай емес. Биыл топыраққа тоң қалың қатты. Қар мол жауды. Қазір қардағы су мөлшері климаттық нормадан 147 процентке көп. Оның денгейі күн сайын артып барады. «Облыста су тасқыны қатты болуы мүмкін», - дейді мамандар. Сондықтан топан судың ағынын реттеп, қауіпті сейілту үшін гидротехникалық нысандардың ақаусыз жұмыс істеуі аса маңызды.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу