Мемлекеттік комиссия жұмысын жалғастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік комиссия жұмысын жалғастырады

06.02.2024

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысын жалғастырады. Құпия құжаттар қолжетімді бола түсті. Бұл туралы алаштанушы Дихан Қамзабекұлы айтты. Мемлекеттік комиссияның сапалы жұмысы нәтижесінде 2,6 миллионнан астам құжаттан құпия деген белгі алынып тасталды. Зерттеу жұмысына 400-ден астам ғалым қатысқан. 7 мыңға жуық құжат президент архивіне тапсырылды.

Дихан Қамзабекұлы, Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі:

Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау комиссиясының қазіргі жинағы 72 жинақ болып шықты. Қазақстанның өңірлерінің бәрін есептегенде 400 ден астам ғалым жұмыс жасады. Мен соның методолог-әдіснамалық бағытында қызмет атқардым. Комиссияның жұмыс офисі деген болды. Жұмыс офисін Сабыр Қасымов деген белгілі заңгер, қоғам қайраткері, экс-сенатор басқарды.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу