Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру басталды. Сайлау учаскелері сағат таңғы 8:00-ден бастап ашық. Республика бойынша 6 миллион 400 мыңнан аса адам дауыс бере алады. Бұл үшін 6 жарым мыңнан астам сайлау учаскесі ашылған. Сайлау барысын бақылауға 90 мыңнан астам байқаушы қатысып жатыр. Президенттікке үміткер кандитаттардың жалпы саны - 7. Олардың арасында қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Әлиев те бар. Әзербайжанда кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы екі ай бұрын жарияланған еді.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/188853/)