Жетісу облысында стратегиялық маңызы бар дақыл әлі далада жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында стратегиялық маңызы бар дақыл әлі далада жатыр

08.02.2024

Жетісу облысында стратегиялық маңызы бар деген дақыл әлі де далада жатыр. Мыңдаған тонна жүгері жинаған шаруалардың мұңын шағып айтар барар жері, басар тауы жоқ. Үкімет те, жергілікті билік те нарықтың қыспағына қарсы тұра алар емес. Дала аруының бағасы бірнеше есе түсіп кетті. Ал өнім өтпей шіруге айналды. Президент кеше Үкіметтің кеңейтілген отырсында ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге баса назар аударған енді. Өңірдегі шаруаларға да керегі осы. Аймаққа жүгері өңдейтін кәсіпорындар қажет.

Қуаныш Қанатұлы, тілші:

Аста-төк өнім алып, табысқа кенелеміз деген шаруалардың маңдай тер еңбегінің қызығын енді көгершіндер көруде. Тек қана Пенжім ауылындағы екі қырманда 3 мың тоннаға жуық дала аруа далада жатыр.

Шығынын есептеп шырылдаған шаруалар қырман басына күнде келеді. Бірі жүгеріні басып қалған қарын қағып, бірі бетін жауып, өнімін көзбен көріп кетумен ғана шектеледі. Баға тёмен болса да алар адам жоқ. Көрші елден кірген арзан өнім отандық жүгерінің нарықтағы орнын оңай ысырып тастады. Жүгері өңдейтін кәсіпорындардың қоймалары да лық толы.

Самат Қарашев, Шаруа қожалығының жетекшісі

Бәрі таза жүгері, бәрі құрғақ жүгері. Соған алушы болып берсе? Жоғары жақтағыларға жетсе? Көмектессе? Талайының кредиті бар. Талайы осыған қарап отыр. Қарызы бар біріне бірі.

Жұмағали Табылдиев, ауыл тұрғыны:

Осы жерде крахмало-паточный завод бар. Ол енді өзіне тиістісін алды. Енді сондай бір птицеферма болса салса осы жерге. Осыны біз енді өндіреміз ғой. Біздің кәсібіміз осы өндіретін. Соған енді зауыт салынса?

Кеше қайта тағайындалған ауылшаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жетісу облысына ат басын бұрғанда мәселені бір аптада шешеміз деп сенім білдірген еді. Алайда сол сапардан бері бір айға жуық уақыт өтті. Ал аймақ былтыр 400 мың тоннаға жуық жүгері жинады. Шаруалардың жаппай осы дақылға ауысуына бағаның өсуі негіз болды, дейді ведомствода.

Дамир Егізбаев, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ресми өкілі:

Бұдпг бұрынғы алған несиелерін ұзарту бойынша, екіншіден оларды қара тізімге салмау бойынша жұмыстарды аяқтадық. 30 мың тонна өңдеуші АзияАгрофуд компаниясы сатып алса, 20 мың тоннасын мемлекет жанындағы азық-түлік корпорацисы сатып алатын болады.

Мемлекет басшысы жаңа Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу саласына ерекше тоқталды. Өндірісті қолға алмай шаруалар шығынға бата бермек.


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу