Алматыда төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмі пысықталды. «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында мамандар оқу-жаттығу өткізді. Көктем жақындаған сайын шаһарда сел жүру қаупі жоғары. Соның алдын-алу мақсатында «Үлкен Алматы» және «Есентай» өзенінің арналары тазартылып, құтқарушылар дайындық жасады. Қала бойынша ұзындығы 168 шақырым болатын бірнеше өзеннен 4800 текше метр қоқыс шығарылды. Жағалауда құтқару жаттығуын өткізген мамандар қала тұрғындары кез-келген уақытта төтенше жағдайларға дайын болуы керек дейді.
Бекболат Бұғыбаев, қалалық ТЖД басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Әр адам өзінің қауіпсіздік мәдениетін сақтау керек. Ол мәдениетті сақтау үшін әр төтенше жағдайлар кезінде дайын болу керек. Егер адам өзінің дайын емес екендігін білмейтін болса, қай жаққа жолығатынын білмейтін болса біздің төтенше жағдайлар ресми сайтына кірсе болады. Сол жерде әрбір төтенше жағдайларға бізде нұсқаулықтар бар. Сол жерден оқып-білуге болады.
Оқу-жаттығу қаланың 8 ауданында қатар өткізілді. Оқу-жаттығу аясында өзен арналары мен арық жүйелері лайдан, тастардан, қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Оған 200-ден аса адам мен 44 инженерлік техника тартылды.
Еркебұлан Қасенов, Бостандық аудандық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы:
Барлығын жұмылдырып, осындай жағдай болмас үшін біріншіден, егер болған жағдайда әркім өзінің жұмыстарын білу мақсатында өткізудеміз.