Қазақстанда былтыр 27 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан жабылып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда былтыр 27 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан жабылып қалған

09.02.2024

Қазақстанда былтыр 27 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан жабылып қалған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жұмысын тоқтатқан компаниялар 2022 жылға қарағанда 0,6 пайызға көп. Осылайша, бір жылда еліміздегі 15 ірі компания, 38 орта бизнес және 27 мыңға жуық шағын кәсіп банкрот болған. Дені --- сауда және құрылыс саласынан. Сондай-ақ, кәсібін жапқандардың көбі Алматы қаласынан. Одан кейін Астана қаласы мен Ақтөбе облысындағы бірнеше бизнестің жұмысы тоқтаған. Сарапшылар мұның бірнеше себебі барын айтады. Көбіне қаржылай қиындықтар мен салық мәселесіне келіп тіреледі.


Хабарламаларға жазылу