«Air Astana»-ның акциялары сатылымға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Air Astana»-ның акциялары сатылымға шықты

09.02.2024

Air Astana әуе компаниясының құнды қағаздары Лондон қор биржасы мен AIX алаңында сатылымға шықты. Кәсіпорынның бір акциясы мың теңгеден басталады. 9,5 долларға дейін. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының хабарлауынша, қызығушылық танытқан инвесторлардың жартысынан көбі қазақстандықтар.

Айта кетейік, бұған дейін әуе компаниясы акцияларын халықаралық биржаларда IPO-ға шығарғалы жатқанын хабарлаған едік. Кәсіпорын 120 миллион доллардың бағалы қағаздарын сатуды көздеп отыр.


Хабарламаларға жазылу