Президент қолайсыз ауа райында жұртқа көмектескендерге алғыс айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қолайсыз ауа райында жұртқа көмектескендерге алғыс айтты

12.02.2024

Өткен аптада еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытты. Жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігі және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ететін мамандар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Тиісінше, еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу