Ботақарадағы газ жарылысы: Ауруханада жатқан науқас қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ботақарадағы газ жарылысы: Ауруханада жатқан науқас қайтыс болды

12.02.2024

Қарағанды облысының Ботақара кентіндегі газ жарылысынан зарап шеккен тағы бір науқас қаза тапты. Өзбекстан азаматының денесінің 87 пайызын күйік шалған еді. Алдын ала болжам бойынша, 29-шы қаңтар күні олар ішке 27 литрлік газ баллонын кіргізген. Суықтан бірден ыстық жерге қойылған баллон жарылған. Салдарынан 2 қабатты үй ортасынан опырылып, төменде тұратын ерлі-зайыптылар қаза тапты. Ал дәрігерлер қарауында болған өзге 2 науқас емделіп үйге шығарылды. Олардың бірі – бала. Екіншісі өзбекстандық азамат. Жарылыс салдарынан он екі отбасы баспанасыз қалған болатын. Комиссия опырылған үй тұруға жарамсыз деп шешім шығарды. Жергілікті билік тұрғындарды пәтермен қамту мәселесін шешеді.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу