Елімізде 10 ақпаннан бастап киік атуға қайтадан тыйым салынады. Бұл туралы Мәжіліс қабырғасында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Оның сөзінше, ақбөкендердің санын реттеу жұмысы 1 жылға дейін тоқтатылады. Яғни, аңды аулаға келер жылы ғана рұқсат берілмек. Ведомство басшысының болжамынша, көктемде жезкиіктің қатары 40%-ға артып, 2,6 млн басқа жетуі мүмкін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде 10 ақпаннан бастап киік атуға қайтадан тыйым салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/189099/)