Жамбыл облысында жоғалған балықшының денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жоғалған балықшының денесі табылды

13.02.2024

Жамбыл облысы Жуалы ауданында бір айдан бері іздестіріліп жатқан балықшылардың бірінің мәйіті табылды. Құтқарушылар 43 жастағы марқұмның денесін дронның көмегімен анықтады.

Оның көл бетінде қалқыған мәйіті қалың қамыстың арасынан табылып отыр. Аталған аумақ Билікөл көлінің іздеу картасына кірмеген бөлігі саналады. Бақилық болған балықшының артында жары мен үш баласы қалды. Еске салайық, 11-ші қаңтар күні Қарабастау ауылының қос тұрғыны айдындағы ауды тексеру үшін көлге түседі. Сол сәтте қатты жел басталып, қайығы аударылып қалады. Құтқарушылар 37 жастағы екінші балықшыны іздеу жұмысына жел мен жаңбырдың жиі болуы кедергі келтіріп тұрғанын айтады.

Шоқан Кенжеғұлов, Жамбыл облысы ТЖД сүңгуірлік іздестіру бөлімінің бас құтқарушысы:

Күннің суытына байланысты 21 қаңтар мен 9-шы ақпан аралығында мұз көлде қатып тұрды. Сол аралықта көлге шыққан жоқпыз. 10-шы ақпаннан бастап іздестіру жұмыстары қайтып басталып, қазір екінші балықшыны іздестіру үстіндеміз.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу