Поляк фермерлері Украина бидайын ысырап қылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Поляк фермерлері Украина бидайын ысырап қылды

13.02.2024

Польша мен Украина шекарасында текетірес болды. Поляк фермерлері «Дорохуск» бақылау бекетінде украиналық жүк көліктеріндегі бидайды жол бойына төкті. ЕуроОдақ елдеріне жеткізілуі тиіс азық-түлік өнімін ысырап қылып, әуесқой түсірілімді әлеуметтік желіге жүктегендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Естеріңізге салсақ, Польшаның шаруалары Украинадан келетін тауарларға тосқауыл қоюды талап етіп, бірнеше күннен бері ереуілдетіп жатыр. Наразылық акциясының кесірінен қос елдің шекарасында 1500 жүк көлігі кептелісте тұрып қалды.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу