Қолданыстағы рәсімдер көбінесе мемлекеттік сатып алулар үдерісінің әдейі кешіктірілуіне әкеліп соқтыратынын, оның салдарынан жаңа жобаларды іске асыру және тұтастай алғанда экономиканың дамуы баяулайды. Осылай деген Премьер-Министр Олжас Бектенов мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сатып алу жүйесінде отандық тауарлар үлесін арттыра отырып, түбейгейлі жеңілдету және жеделтуді тапсырды. Үкімет басшысы тиісті органдарға қысқа мерзімде сарапшылар, бизнес қауымдастықтармен бірге қажетті шараларды пысықтап, оларды Парламент қарауындағы заңнамалық түзетулерге енгізуге тапсырма берді.
Нұрсұлтан Тілектес