ШҚО-да спорт кешенінің құрылысы аяқталмай қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да спорт кешенінің құрылысы аяқталмай қалды

13.02.2024

Шығыс Қазақстан облысында төрт бірдей денешынықтыру кешенінің құрылысы аяқсыз қалды. Әр аудандағы нысанның құны әр түрлі. Мәселен, Марқакөл ауылында 2022 жылы салына бастаған кешенге облыстық бюджеттен жарты миллиард теңге бөлінген. Бірақ құрылысы аяқсыз қалып , қазір қараусыз қаңрып тұр. Ал сол кезде жұмыс істеген ауыл тұрғындары еңбекақысын әлі дауалап жүр.

Жауапты мердігер мекеме спорт кешенін 2022-жылы салып бітіріп пайдалануға тиіс болатын. Бірақ құрылысы аяқталмай қараусыз нысанға айналып шыға келді. Ішін қар басып жатыр.

Күн жылымай ақ қазірдің өзінде тамшы сорғалап тұр. Төбедегі темір тіреулерді тот басып майырыла басатаған.

Құрылысы құрдымға кеткен нысанды енді ауыл тұрғындары өздері күзетіп жүр. Халық аяқсыз қалған жұмыс қайта жалғасар деген үмітте?

Жандос Мүфтиев, Марқакөл ауылының тұрғыны:

Тексеріп жатқан ақшасы қайда кеткені сол бәрімізге жұмбақ болып тұр да. Есік-терезенің ашық болған соң, жылқылар кірмесін деп іші малға толып кетпесін деп, өзіміз жауап қойғанбыз. Қолмен ғана. Әйтпесе мынаның іші атқора болайын деп тұр ғой.

Ерлан Шабанбаев, Марқакөл ауылының тұрғыны:

Облыс әкімі Даниал Ахметов болып тұрғанда жұмыс басталған. Ол кісі 2022 жылы келген. Келді де, көрді де келесі жылы бітіріп берем деген. Одан бері 2 жыл өтті. Бізге ең бастысы мына спорт кешені бітсе болды. Өйткені қазір балалар баратын жер жоқ.

Спорт кешенін салуды бастаған мердігер компания құрылыс жұмыстарына негізінен ауыл тұрғындарын жұмылдырған. Енді олар сол кездегі еңбектерінің ақысын ала алмай жүр. Соңғы мердігер жұмысшыларға екі жарым миллимон теңге қарыз

Серік Кәріпшалов, Марқакөл ауылының тұрғыны:

Мердігер болып келеді. Міне жігіттер істеп жатырмыз деп еріп жүреді қасымызда. Бір ай, екі айдан кейін әлгі кісілер жоғалып кетеді. Екіншілері келеді. Жарайды біз төлейміз деп. Міне аяққы қыста еденді құйып шықтық. Ауызба-ауыз сөйлестік. Береміз деді. Содан бері жоқ. Менің жеке өз басыма 800 мың қарыз.

Облыстық құрылыс басқармасының мамандары спорт кешенін салу үшін тендерді ұтқан компаниямен соттасып жатқанын айтады. Ал құрылыс аяқсыз қалмайды.

 Саят Тойкенов, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

Бұл нысанға қатысты жемқорлыққа қарсы қызметпен бірге нақты жұмыс жоспарын әзірледік. Бірақ құрылыс жұмысы күн жылына қайта басталады. Биыл жылдың соңына дейін кешенді салып бітіреміз.

Салынып бітуін тұрғындарда асыға күтіп жүр. Өйткені ең шеттегі шекардағы Марқакөл ауылында әзірше бірде-бір спорттық кешен жоқ.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу