Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға, әйелі жарты жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға, әйелі жарты жылға сотталды

13.02.2024

Бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы да сот үкімі шықты. Тергеу барысында аса ірі мөлшерде пара беруге оқталды деген айып тағылып, сот жаза мерзімін 11 жылға ұзартты. Ал әйелі Ғалия Ысқақова парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы министрдің адвокаты Мұстақым Төлеев те, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 8 айға сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Хабарламаларға жазылу