Жоспарлы медициналық қызмет түрін алатын 17 миллион адам бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоспарлы медициналық қызмет түрін алатын 17 миллион адам бар

14.02.2024

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына бес жыл. Бірақ бұл салаға құйылатын қаржы 2 есе артса да, қызметі әлі қолжетімсіз. Ал Мемлекет басшысы кеше ғана МӘМС-ті бақылауға алуы керек деп Үкіметке нақты тапсырма жүктеді. Себебі, соңғы жылдары медицина саласы бюджетке кәмдігідей салмақ салған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде жоспарлы медициналық қызмет түрін алатын 17 миллион адам бар. Оның 11 миллионы жеңілдіктер санатына кіреді. 5 миллионан астамы жалдамалы жұмысшы. Қалған 1 миллионы жеке кәсіпкер. Ал 3,5 миллион адам жарнаны тұрақты төлемеген. Яғни, МӘМС жүйесіне тіркелмеген.

МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТІРКЕЛГЕН 17 МЛН АДАМ БАР

ЖЕҢІЛДІК САНАТЫНДА (толып тұрған адам) – 11 МЛН

ЖАЛДАМАЛЫ ЖҰМЫСШЫ (каска киіп тұрған адам) – 5,6 МЛН

ЖЕКЕ КӘСІПКЕР (папка ұстап тұрған адам) – 1 МЛН

ЖҮЙЕГЕ ТІРКЕЛМЕГЕН (бір адам, жанын да стоп белгісі бар) - 3,5 МЛН

Ал бұрын осы салада екі мәрте министр лауазымында болған Жақсылық Досқалиев жүйені реттемей, ештеңе өзгерте алмаймыз дейді.

Жақсылық Досқалиев медицина ғылымының докторы, профессор:

Халыққа қолжетімді болмағаннан кейін, осы наразылық туып жатыр. Қарапайым адамға ол МӘМС-тен төлене ме? Әлде кепілдендірілген көмектен төлене ме, бәрібір. Мысалы, медицина мекемесіне барды ма, оған көмек көрсету керек, ол кезекте тұрмау керек. Тұрса да, бір қысқа мерзім. Және бүкіл маманға бару керек. Халық осыған үреніп қалды. Меніңше, осы жүйені қайта қарау керек.

МӘМС-ке қатысты 27 мың шағым түскен

Өткен жылы міндетті әлеуметтік медициналық қызметке қатысты 27 мың шағым түскен. Атап айтсақ, 10 мыңнан аса дәрігер сапасыз қызмет көрсетсе, 7800-ге жуық ақ халатты науқастарға көмек беруден түбегейлі бас тартқан. 1800-дей адам жедел жәрдемді ұзақ күтсе, 1650 шағым медициналық ақпараттық жүйедегі қателерге қатысты болған. Ал 1600 адам тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмаса, 900-ден аса тұрғынды емханалар себепсіз тіркемей қойған.

Биыл әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері аса өзгере қойған жоқ. Жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлерлерге жалақының 3% аударып отырады. Төлемнің шекті мөлшері 25 500 теңге. Ал жұмыскерлер жалақысының 2 % Қорға автоматты түрде түссе, жеке кәсіпкерлер ай сайын 6000 теңгеге жуық қаржы аударады.

Ақтолқын Сұлтанова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның басқарма бастығы:

2024 жылғы ең маңызды ақпараттың бірі біріңғай жиынтық жүйесі бойынша төленетін азаматтар енді өзіне жеке төлеуші ретінде төлеу керек. Ең төменгі жалақыдан 5 пайыз, яғни, 4250 теңге. Мүны төлеудің екі шарты бар, біріншісі ол 12 ай артқа қарай төлейміз, бұрынғы қарызды жабу үшін. Немесе, қазіргі таңда былтыр 2023 жылы үлкен жеңілдік жасалды. Яғни, МӘМС жүйесіне көп шағымдар түсе бастады ғой. «Егер мен бұрын медициналық көмек алмасам, мен не үшін төлеймін деген сұрақтар туындады. Жаңадан жүйеге келген азамат 12 ай алға төлеу арқылы өзінің сақтандырылған дәрежесін ала алады.

Расында, халықтың үдесінен шықпаған МӘМС-ті депутаттар да талай рет сын тезіне алды. Ақырында Президенттің өзі Үкімет басшысына медициналық көмектің бірыңғай топтамасын қалыптастыруды міндет қылып жүктеді. Жаңа министр Ақмарал Әлназароваға жүйеге оң өзгерістер енгізу міндеттелді.


Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу