Атаулы әлеуметті көмекті енді тек нағыз мұқтаждар ғана алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Ведомство басшысының сөзінше, Отбасының цифрлық картасы арқылы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының жүйелері біріктіріліп, азаматтардың шығындары есептеледі. Осылайша, мұқтаж жандар анықталада. Министрдің айтуынша, мұндай өзгеріске бірнеше себеп те бар. Мәселен, бұған дейін ақшалай көмек алған адамдардың арасында жеке кәсіпкерлер, баспанасы барлар да болған. Сондықтан, бұл мәселе жобаны толық трансформациялау бойынша шешіледі дейді.
Светлана Жақыпова, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
АӘК-тің бизнес процестерін трансформациялау, отбасыларыдң тек кірісін ғана емес шығысын да есептеу. Оның мақсатында, 1-шіден мем органдармен интеграция жасау және жаңағы еңбек келісім шартын жасасу, әрі еңбек ақысын ақылы түрде алу. Конвертте емес.