Қарағанды облысында кеншілерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында кеншілерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

14.02.2024

Қарағанды облысында Qarmet кәсіпорынының жұмыскерлері мен Абай тұрғындарын бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Бұған дейін де олардың бірнеше сыбайласы қолға түскен. Ішкі істер министрлігі былтыр желтоқсан айында кеншілерді бопсалағандарды ұстаған еді. Сол кезде қылмыстық топтың 7 мүшесі қамауға алынды. Тергеу барысында күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық жасау және қатысу бойынша сот алды сараптамалар жүргізілді. Олардың қатысуымен өзге де бопсалау деректері анықталған.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 55 миллион теңгеден асады. Олардың "Қазақстан Темір Жолы" нысандарынан тауар-материал ұрлау дерегіне қатысы бары да анықталды. Полиция осы қылмыстарға қатысы бар тағы 8 адамды ұстады. Тінту кезінде олардан тіркелмеген атыс және суық қару, оқ-дәрілер, діни кітаптар тәркіледі.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу