Жетісу облысының Панфилов ауданында бірнеше мектепке күрделі жөндеу қажет. Білім ошақтарына іргесі қаланғалы бері жөндеу жұмыстары жүрмеген. Ал Алтыүй ауылындағы білім шаңырағында бала саны артып, оқушылар кейбір пәндерін дәлізде оқуға мәжбүр. Ауданда мәселе қалай шешіліп жатыр? Өңірдегі тілшіміз анықтап көрді.
Едені ескеріп, қабырғасының сылақтары құлап жатқан бұл мектеп 1969 жылы салынған. Содан бері тек 2012 жылы терезелері мен жылу жүйесі ғана ауыстырылды. Онда да ата-аналар мен демеушілер күшімен. Қазір мұнда 800-ден астам оқушы екі тілде білім алуда. Білім шаңырағының қосалқы ғимараттарына жөндеу басталғалы тәлімгерлердің кейбір сабақтары дәлізде өтуде.
Гүлжанат Медетбекова, Ә.Қастеев атындағы орта мектеп директорының міндетін атқарушы:
Екі топқа бөлініп оқытады. Сол кезде біз оқушыларды екі топқа, екі кабинетке қамтамасыз етуіміз керек. Сол жағдайларда бізде кабинеттер тапшылығы болады. Сыймаған класстарды кітапханада, қосымша орынбасарлардың кабинеттерінде біз оқытып жатырмыз.
Қолайсыз жағдайда дәріс жүргізудегі басты мақсат оқушыларды білім бағдарламасынан қалдырмау. Мектеп жөнделгенше басқа да қолайсыздықтар көп.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Бұл мектептің асханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаннан кейін оқушыларды уақытша осы жерде тамақтандыруға тура келіп отыр. Ал бұл ғимаратта жылыту жүйесі мүлдем жоқ. Сондықтан асхана қызметкерлері бұл жерді осындай тоқ пештермен жылытуға мәжбүр. Ал бұл жердің суықтығы соншама, оқуышылар сырт киіммен отырады. Ал үрлесең ауыздан бу шығады.
Әзірге білім шаңырағының шағын орталығы мен бастауыш сынып ғимараттарына жөндеу жұмыстары басталды. Кезінде интернат болған нысанның іргетасы күшейтіліп, қабырғаларына сылақ жұмыстары жүргізілуде. Құрылысшылар жаңа оқу маусымы басталғанша жұмысты толық аяқтауға сенім білдіріп отыр.
Ринат Өміров, Құрылыс учаскесінің басшысы:
Бетон құйылып каркас тоқу жүріп жатыр. Крыша жабылып жатыр. Сентябрьге беруге бізде срок. Соғын тырысып жатырмыз. Береміз деген үмітіміз бар.
Қосалқы ғимараттар жөнделіп біткен соң оқушылар білімін осы жерде жалғастырады. Жалпы Панфилов ауданында тағы бір мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Екі білім шаңырағының жылыту жүйесі былтыр көгілідр отынға қосылды.
Қуаныш Қанатұлы