Спорт дирекциясының директоры қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спорт дирекциясының директоры қамауға алынды

14.02.2024

Сәтбаев қаласының әкімі ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Telegram-арнасында хабарлады. Күдікті әр жылдары қалалық экономика және бюджетті жоспарлау білімінде бірнеше лауазымда қызмет еткен. Ал, 2023 жылы Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімі лауазымына тағайындалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметІ күдіктінің сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растады.

Ал Батыс Қазақстан облысында «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық кәсіпорнының бұрынғы директоры 57 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді. Қаржыны 2021-2022 жылдары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы «Artsport» аясында балаларды жаттықтыру үшін «Ақжайық» футбол клубына бөлген. Бұрынғы директор сот санкциясымен қамауға алынды.

Хабарламаларға жазылу