Президенттің аудармашысы «Ақорда» бағдарламасына сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің аудармашысы «Ақорда» бағдарламасына сұхбат берді

15.02.2024

Келіссөздер екі тарапқа да пайдалы әрі жайлы болуы тиіс. Бұл Президенттің шетелдік сапарларда ең жиі қолданатын сөзі. Мұны Қатарда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен инвестициялық дөңгелек үстелде аудармашысы болған Әсел Наурызбаева “Ақорда” арнайы жобасына берген сұхбатында айтты. Маман Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптестерімен кездесуде келіссөздің сәтті өтуіне ерекше назар аударатыны, әр сөзінен байқалып тұратынын жеткізді.

Әсел Наурызбаева, ҚР Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық сервис арнайы аударма бөлімінің аудармашысы:

Президент екі жақты қарым қатынас, көп жақты қарым-қатынас болсын екі жаққа да табысты болсын деп ойлайды. Қиын тақырыптар қозғалып кетсе, сен әрине сол тығырықтан шығу керексің. Түсіндіріп шығу керексің. Қандай да сол сөздің эквивалентін түсіндіріп беру керексің. Көбінесе оның назары әлемде болсын, біздің Қазақстанда болсын, екі жақты қарым-қатынаста болсын сәтті өткеніне мен ойлаймын, ол соған тырысатын сияқты. 

«Ақорда» бағдарламасын алдағы жексенбіде 20:50-де Ұлттық арнадан көріңіздер.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу