Мемлекет басшысының Қатарға сапары әлемдік БАҚ назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының Қатарға сапары әлемдік БАҚ назарында

15.02.2024

Қазақстан мен Қатар қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді. Әлемдік БАҚ беттерінде Президент сапары талқыланып жатыр.

Қатарлық Doha News агенттігі Қасым-Жомарт Тоқаев келер алдында келіссөздерге көп үміт артылып отырғанын жазған. Ал кешегі жаңалықтар топтамасында екі ел арасында қол қойылған құжаттарға кеңінен тоқталды. Бұл рәсім ауқымды салалардағы ынтымақты күшейтуге бағыттталған маңызды кезең. Оның ішінде заң, жұмыспен қамту, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік даму, банк ісі, телекоммуникация, энергетика және инфрақұрылымдық жобалар бар деп жазаған.

Ал Пәкістандық World Echo ақпараттық-аналитикалық порталы Қазақстан Президентінің араб түбегіне келуін әлемдік қауымдастық қызу талқылап жатқанын жазған. Автор Қатар әмірінің маусым айында Қазақстанға барғанын айта келе, ол кезде де бірқатар келісімге қол қойылғанына тоқталған.

Қатардың инвестицияны ілгерілету жөніндегі агенттік пен Kazakh Invest арасындағы әріптестік жөніндегі келісім сауда және инвестиция саласындағы байланысты одан әрі арттыра түсті. Қатардың Астанадағы мешіт құрылысын қаржыландыруы, пандемия уақытында медициналық көмек көрсетуі екі ел арасындағы қарым-қатынастың беріктігін көрсетеді делінген мақалада.

Қатардың ағылшын тілінде шығатын Gulf Times газеті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына ауқымды материал арнаған. Басылым мемлекеттер қарым-қатынасының тарихына үңілген. Қазақстан мен Қатар алғаш рет 1993 жылы 1 шілдеде дипломатиялық байланыс орнатқан.

«Қазақстан мен Қатар қарым-қатынасы түрлі салада өсіп келеді. Бұл саясат, экономика, инвестиция және әлеуметтік бағыт. Қатар Қазақстанды болашағы жарқын стратегиялық серіктес санайды. Себебі екі елдің де экономикалық мүмкіндіктері тұрақты түрде өсіп келеді» деп жазған автор. 

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу