Қазақстанда отбасын құрғандар саны азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда отбасын құрғандар саны азайды

15.02.2024

Елімізде сұрбойдақ көбейді. Үй болу ғана мес, үйлену де қиындап кеткен. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елімізде отбасын құрушылар азайып барады. Былтыр республика бойынша 120 мың неке тіркелсе, бұл 2022 жылғыдан 6%-ға аз. Әріптесім Динара Жарқынбек осы мәселені қоғам таразысына салып, сарапшылардың пікірін білген еді.

Статистика бойынша, былтыр неке қию коэффиценті 1000 адамға шаққанда 6% ғана болған. Яғни, мыңның алтауы отау құрған. Мамандар бұл тенденция жыл өткен сайын күшейіп барады, - дейді. Бұл соңғы 19 жылда тіркелген ең төменгі көрсеткіш екенін алға тартады. Сүрбойдақ пен оң жақта отырып қалған қыздардың көбеюіне не себеп? Жұртшылықтың пікіріне құлақ түрейік.

Психолог Ержан Мырзабаев жалпақ жұрттың пікірін растап отыр. Оның айтуынша, бүгінде қазақстандықтардың құндылығы өзгерген.

Ержан Мырзабаев, психолог:

Қиналып қалам, дұрыс тәрбие бере алмай қалам, қамтамасыз ете алмай қалам деген сияқты қорқыныштары бар. Нәтижесінде адамдар үй болуды барынша кешіктіріп жатыр. Ол қорқу қайдан пайда болды? Қазіргі жастардың енді бұлар 90 жылдары өскен балдар ғой. Толыққанды отбасы моделін көре алмау, не сол кездегі кризис, дағдарыстың әсерінен отбасын бір қиындық, арпалыс екенін көру соның бір травмасы.

Әлеуметтанушының пайымынша, қоғамда азаматтық неке белең алып барады. Демек, азаматтардың көбі жауапкершіліктен қашады. Ал, бұл үрдіс осылай жалғаса берсе, демографиялық ахуал әлсірейді, - дейді мамандар.

Хамит Айдар, әлеуметтанушы:

Жастар арасында бұл нормаға айналып келеді. Бұл да дәстүрлі құндылықтарымызға қайшы болып келеді. Соңғы кездері демографиялық иә өсу бар. Ол тенденция жалғасып жатыр. Әрине ондай бір қарқынды күшпен емес. Бірақ та бұл кішкене тежеуі мүмкін.

Мамандардың дерегінше, ерлердің дені 32-35 жаста үйленсе, бұрымдылар 30-ға тақап күйеуге шығуға тырысады. Алайда, оның өзінде аса қарқын мен құлшыныс байқалмайды.

Бибігүл Мирасбек, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының сарапшысы:

Соңғы ақпараттарға сәйкес, 2023 жылы қаңтар-желтоқсандағы ақпарат бойынша елдегі некелер саны 20870 некені құрайды. Жалпы соңғы жылдары неке қию динамикасы төмендеді, шыны керек. Неке аз тіркелген облыстарға келетін болсақ, Түркістан, Қызылорда, Батыс қазақстан облыстары.

Үйленуді емес, әуелі үйлі болуды мақсат тұту қағидасын өзгертетін кез жетті. Тіпті, үйленбей жүргендерге заңдық тұрғыда белгілі бір деңгейде жауапкершілік жүктелуі керек, деп есептейді мамандар. Әйтпесе, «ерте үйленсең, балаң ерте есейеді», деген тәмсілді қаперде ұстау қажет. Жас ұлғайған сайын денсаулықтың сыр беретіні бар ғой. Ал дені сау ұрпақ, ел келешегінің кепілі.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу