Шығыс Қазақстан облысында да өткен түннен бастап аяз қаһарына мінді. Түнде кейбір таулы аудандарда - 42 градус суық болды. Әлі де қатты аяз болып тұр. Сондықтан бүгін Өскемен, Риддер қаласы мен Алтай, Самар, Глубокое, Зайсан, Күршім, Ұлан , Катонқарағай, Шемонаиха аудандарында бірінші аусымдағы барлық оқушылар онлайн оқып жатыр. Ал өңірде республикалық маңыздағы екі, облыстық деңгей бойынша 4 бағыттағы жол әлі жабық тұр.
Олжас Керейхан