Жайылымдық жерлердің көлемі артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайылымдық жерлердің көлемі артады

16.02.2024

Сенаторлар жайылымдық жерлердің көлемін арттыруға бағыталған заңды мақұлдады. Құжат Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленіп, жайылымдарды басқару және пайдалануға қатысты заңнаманы жетілдіре түспек. Бұдан былай «Көпшілік пайдаланатын жайылымдар» деген жаңа ұғым пайда болады. Халыққа ортақ жайылымды жерлер әр елдімекеннің айналасында болмақ. Әрі оларды ауыл шуаруашылығы жерлерінің басқа түріне ауыстыруға тыйым салынады.

Сондай-ақ, жекешелендірілмейді. Ауылдың жайылымды жерлерін ауыл әкімдігінің құзыретіне беру көзделген. Қазір ол аудандық әкімдіктерге қарайды. Депуттар осы арқылы ауыл әкімдерінің құзыреті мен жайылымдық жерлердің тиімділігі артады дейді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу