Қарағанды мен Өскеменде Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттарын ұрлағандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды мен Өскеменде Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттарын ұрлағандар сотталды

16.02.2024

Қарағанды мен Өскеменде Ұлттық тестілеу орталығының деректеріне заңсыз қол сұққандарға қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық іске тартылған үш азаматтың әрқайсысы соттың шешімімен 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді. Тергеу барысында олардың былтыр Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратын көшіруге мүмкіндік бергені анықталған. Салдарынан педагогтер мен магистранттардың білімін бағалауға нұқсан келген болатын.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу