Қарағанды облысында жоғалған ауыл тұрғынын іздеуге тікұшақ көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында жоғалған ауыл тұрғынын іздеуге тікұшақ көтерілді

16.02.2024

Қарағанды облысында жоғалып кеткен азаматты іздеу үшін төтенше жағдай министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы көтерілді. Нұра ауданының Кеңжарық ауылынан 60 шақырым қашықтағы қыстақтан 14-і ақпан күні аэрошанасымен мал іздеп шыққан ер адам ізім-ғайым жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Өңірде ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеген. Құтқарушылар аязға байланысты жолаушыларға алыс сапарға шығуды кейінге қалдыруды ұсынады. Қазір өңірдегі барлық жолдар бойынша дизельдік отынмен жүретін көліктердің қозғалысы шектелген.


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу