Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияның қабылданғанына - 30 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияның қабылданғанына - 30 жыл

16.02.2024

Бүгін - Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымы Бала құқықтары жөнінде конвенцияны қабылдағанына 30 жыл. Осы уақыт аралағында бес жасқа дейінгі балалар арасында өлім-жітім 5 есе, ал енді туған нәрестелер арасында 3 жарым есе азайды. 2016 жылы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды. Мұндай жауапты тұлғалар қазір еліміздің әр өңірінде бар. Сонымен бірге, өткен жылы Әлеуметтік кодекс қабылданып, мемлекеттік жәрдемақылар мен бала күтіміне берілетін төлем мерзімі бір жарым жасқа дейін ұзартылды. Биыл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылды. Енді Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балаларға теңдей үлестіріледі. Қаражатты оқуға немесе баспана алуға жұмсауға болады.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу