Хорватияда ерекше құбылыс болып жатыр. Қыс ішінде жаз жетіп, тұрғындар тіпті жағажайларға барып суға түсе бастады. Мұндай жағдайды Сплит қаласында байқауға болады. Адриат теңізіндегі температура әдетте мамыр айында мұнша көтерілмейді екен. Ал биыл ақпанның өзінде сынап тым жоғарылағандықтан алдағы жаз тіпті ыстық болады деген болжам айтылып отыр. Айта кетсек былтыр жазда Оңтүстік Еуропада, соның ішінде Хорватияда, аптап ыстықтан ормандар өртеніп, халық денсаулығына қауіп төнген еді.
Арыстан Рысбек