Мұнай өңдеу зауытына тексеру жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай өңдеу зауытына тексеру жүргізіледі

17.02.2024

Атырау мұнай өңдеу зауытында апат болды. Кеше әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарады. Осыған байланысты «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының тапсырмасымен жұмыс тобы құрылды. Жақын арада арнайы комиссия кәсіпорында толық тексеру жүргізеді. Қазіргі уақытта зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жалпы өндірістік процесс бұзылған жоқ деді мамандар.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу