Ақтөбе облысында жол апатынан көз жұмған оқушылардың ісі сотқа жолданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жол апатынан көз жұмған оқушылардың ісі сотқа жолданды

19.02.2024

Ақтөбе облысында екі оқушы мен мұғалімнің өліміне себепші болған көлік жүргізушісінің ісі сотқа жолданды. Алдын ала тыңдалым 23 ақпан күні өтеді. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға былтыр 19 желтоқсан күні Ырғыз ауданында болды. Жаныс би аулынан шыққан Тойота-Альфард көлігінде бес оқушы мен екі педагог болған. Көлік қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысады. Салдарынан, екі оқушы мен 25 жастағы мектеп директорының орынбасары сол жерде жан тапсырды. Ал көлікті тізгіндеген жүргізуші мектепте ұйымдастырушы-педагог болып жұмыс істеген.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу