Маңғыстаудағы Қаратұрын кен орнына 350 миллион теңге айыппұл салынады. Экологтардың тексеруі нәтижесінде, қоршаған ортаға келтірілген залал осылай бағаланған. Мамандар соған сәйкес, әкімшілік іс қозғап, сотқа жолдады. Алты айдан аса уақыт өрт болған аумақтан ауадан және топырақтан бірнеше сынама алынған. Нәтижесінде, атмосферадан метанның шекті мөлшеріден 480 есе асқаны ал, топырақтың мұнаймен бүлінгені анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша, кәсіпорынға айыппұлдан бөлек, экологиялық залалды жою үшін арнайы бағдарлама әзірлеуге нұсқама берілді.