Өскеменде қатты аяздан қоғамдық көліктер кешігіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде қатты аяздан қоғамдық көліктер кешігіп жатыр

21.02.2024

Өскеменде сақылдаған сары аяздан қоғамдық көліктер кестеден кешігіп жатыр. Өткен түнде сынап бағасы -38-42 гардусқа дейін төмендеді. Сондықтан таңертең аяладамаларда автобус күткен адам көп. Таксиге сұраныс көбейгендіктен ол да келмейді. Ал қоғамдық тасымалды үйлестіретін мекеме мамандары желідегі автобустардың тек 50 пайызы ғана жолға шығатынын айтады. Қатты аязға шыдас бермей жүріп келе жатқан көліктің жағармайы қатып, есіктері жабылмай жолда қалып жатыр. Автопарк ұжымы көліктерді қайта-қайта жылыту тұрағына апарып, амалдап отыр.

Амантай Бақыт, «Жолаушылар тасымалын басқару орталығының» директоры:

Қазіргі таңда, Өскеменде автобустардың жолға шығуы 65-56% құрап отыр. Тұрғындарға бір жаққа шығуды жоспарлаған болса, Oskemen bus қосымшасын қарап барып, аялдамаға шығуды сұраймын.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу