IT саласы заң шығару процесін жеңілдетуге өз септігін тигізеді. Парламентаризм институтының бас маманы Нұржан Сәулен Президенттің Жастар кадр резервінің форумында айтқан, мемлекеттік қызметті оңтайландырып, қағазбастылықтан арылу қажеттігіне қатысты осындай пікір білдірді. Сонымен қатар заманауи технологияларды пайдаланып халықпен байланыс орнату үшін жасанды инеллектінің тиімділігін арттыруды тапсыруы дұрыс шешім деп отыр.
Нұржан Сәулен, парламентаризм институтының бас маманы:
Не себепті жасанды интеллектіні заң саласында пайдалануымыз қажет. Өйткені заң шығару процесінде мониторинг жасау, аналитика жасау керек. Заң шығару процесін жетілдіру оңтайландыруға бізге осы GPT чат болсын цифрландыру өте бізге қолайлы, тиімді.
Тәуірбек Бозекен, Мәди Бижан