Педофилдер мен балаларды өлтіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Мәжіліс әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздіні туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, депутаттардың бастамасымен әзірленген.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Зорлық-зомбылық, денсаулыққа зиян келтіргендерге 2017 жылға дейін қылмыстық жаза болған. Декриминализациялау нәтижесінде ол әкімшілік кодекске ауысты. Әйелдер мен балаларға қатысты шулы қылмыстардың көбейіп кетуіне байланысты халық заңды қатаңдатуды сұраған. Президент мәселені қолға алуды тапсырған. Депутаттар заң жобасын әзірлеп шықты.
Әуелі мынаны ескерген абзал. Заң жобасы тек әйелдер мен балаларға емес ересектерге, ер адамдарға да қатысты.
Құжатта, келесі негізгі нормалар өзгертілмек. Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтірудің жазасын әлдеқайда қатаңдатылады. Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шараларды қабылдауға, қылмыстық іс қозғауға болады.
отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін, сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру.
Педофилдер мен балаларды өлтіргендерді өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр. Суицидты насихаттау үшін, немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын-ала ескертпей ақ, кез-келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар бар.
Айтпақшы, қала ішілік автобустардан төлейтін ақшасы болмаса да 14 жасқа дейінгі балаларды түсіріп кетуге болмайды. Егер түсіріп кетсе жүргізуше не кондуктор жазаланады. Мұны да ақша үнемдеу үшін пайдалануға болмайды. Баланы жазалай алмайтынын біліп күнде жол ақысын бермейтін ата-аналарға да айыппұл салынуы мүмкін
Оңғар Алпысбайұлы