Қостанайда 6 жастағы қыз бала жылу желісінің қақпағы ашық қалған құдығына құлап кетті. Оқыс жағдай тапа-тал түсте болған. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар баланы аман сау сыртқа алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады. Құдық ішінде тереңдігі 60-70 саниметр су болған. Соның салдарынан денесі қатты мұздап қалған бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ дейді.
Дәуренбек Әбдібек