Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік қызмет көрсету сайтына шабуыл жасаған хакерді ұстады. Жедел іздестіру шаралары барысында киберқылмыс жасады деген күдікке іліккен қарағандылық қолға түсті. Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук және планшет тәркіленген. Алдын ала бағалауға сәйкес, оның келтірген шығын сомасы 49 миллион теңгеден асады. Қазір күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Руслан Нұрланұлы