Елімізде 200-ге жуық отбасын қолдау орталығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 200-ге жуық отбасын қолдау орталығы ашылады

22.02.2024

Былтыр Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 5 айда түрлі шағымдарға байланысты 150 мың отбасы тексерілген. Тиісінше 7000 жайсыз отбасы анықталып, оның 2000-нан астамы профилактикалық есепке алынған. Қазір олар арнайы мамандардың бақылауында. Жалпы, министрлік берген мәліметке сүйенсек құқық қорғау органдарына отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты жылына 100 мыңнан артық қоңырау келіп түседі. Көмек сұрайтындардың 80 пайызы күйеуінен жәбір көрген әйелдер немесе ата-анасынан қысым көрген кәмелет жасына толмаған балалар. Былтыр шілдеден бастап полиция мұндай деректерге қатысты жәбірленушінің арыз-шағымынсыз қылмыстық іс қозғауға көшкен еді. Ал күні кеше Мәжіліс мақұлдаған жаңа заң жобасы зорлық-зомбылықтың алдын алуға үлкен сеп болады дейді Ішкі істер министрлігі.


Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетнің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

Бұл заң жобасында отбасыларға құқықтықжағынан ғана емес, әлеуметтік, денсаулық, білім беру жағынан да көмек көрсетіледі. Оның бір айғағы осы заң жобасының шеңберінде елімізде соңғы 2 жылда елімізде отбасыларды қолдау орталықтар ашылып жатыр. Заң жобасы күшіне енсе ол әрбір ауданда болады. Қазірге таңда 200-ге тарта отбасын қолдау орталығын ашу күтілуде.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу