МӘМС-тің машақатынан шаршаған жұртқа жағымды жаңалық. Енді дәрігерге қаралу үшін сергелдеңге түспейсіз. Алдағы уақытта қалай болмақ? Самал Қабышева Денсаулық сақтау министрінен біліп қайтты.
Қазір жүрегіңіз ауырса, кардиологқа бару үшін бірінші терапевтке жазыласыз. Терапевт жүрек дәрігеріне жолдама береді. Жолдаманы қалтаға салып, кардиологтың қабылдауына жазылып, күтуге тура келеді. Тіпті, айлап та күтетін. Осылай сергелдеңге түскен науқастар ауырып жүріп сауығып кетеді, жаны қысылса, амалсыз, ақылы бөлімге барады. Ал қаражаты жоқтардың жайы тіпті, қиын. Енді науқастар мұндай машақаттан құтылуы мүмкін.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Ең басты арыз-шағымның бірі – бұл тиісті мамандарға жалпы дәрігердің жолдамасын алмай, қызмет ала алмауы. Осыған байланысты тиісті сараптама жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Науқастарды, біздің емханаға келген азаматтарымызды құр босқа кабинеттерден кабинеттерге жұмысты көбейте бермей, оптимицазия жасау бағытталып отыр. Бұл жұмысты 1 наурыздан бастап енгізейік деп отырмыз.
Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалғанына тура он алты күн болған Ақмарал Әлназарованың жоспары осындай. Бұған қоса, дәрігерге екінші қайтара бару үшін қайтадан жолдама алмау мәселесі де қарастырылуда. Ал халықтың көңілі толмайтын МӘМС-тің төлемін өсіру бойынша ұсыныс бар. Яғни ай сайын айлықтан МӘМС-ке бұрынғыдан көбірек ақша төленеді. Бірақ, мұндай төлем миллиондап айлық алатындарға ғана тікелей қатысты болмақ.
Әбілқайыр Сқақов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы:
Кімде 850 мыңнан айлығы төмен оларға ешқандай өзгеріс болмайды. 0936/// Кім бір жарым миллион, еукі жарым миллион айлықтарын алатын азаматтар қазір екі пайыз төлемейді. Екі пайыздан төмен төлейді. Ал, 200-300 мың алатындар екі пайыз төлейді. Мына жерде әділеттілік жоқ қой. Сондықтан, әділеттілікке сәйкесінше келтіру.
Ал кадр мәселесі қашанда өзекті. 275 мыңға жуық медицина маманы бар. Ал тапшылық 8 мың. Яғни, оның 4,5 мыңнан астам дәрігер қажет. Ең қажетті мамандардың мәселесін шешу үшін оларға жақсы жағдай жасау мәселесі қарастырылмақ.
Самал Қабышева, тілші:
Бұдан бөлек, 400-ден аса медициналық мекемелердің қарызы 82 млрд теңгеге жеткен. Яғни, медициналық мекемелердің өзі коммуналдық қызметтерін де төлей алмай, қарызға батып жатыр. Ал мұндай мәселенің ушуғуына қаржылық ашықтықтың жоқтығы себеп,- деді министрлік. Одан бөлек, мемлекеттен бөлінген қаражатқа көп мөлшерде қажетсіз дәрі-дәрмек алынса, бұл үшін жауаптылар құзырлы орган алдында жауап беретін болады. Яғни, мемлекеттің әр тиынына сұраныс та қатаң болмақ.