Семейде соңғы 20 жылдағы ең төмен температура тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде соңғы 20 жылдағы ең төмен температура тіркелді

22.02.2024

Соңғы 20 жылда болмаған аяз. «Семей Орманы» табиғи орман резерватына қарасты Батпай орман шаруашылығы аумағында термометр көрсеткіштері -55 градусқа дейін жеткен. Көкпекті ауданындағы Үлкенбөкен орманшылығының «Тау дала» филиалында 53 градусқа дейін суытты. Резерватқа қарысты өзге де шаруашылықтарда сынап бағанасы -50 ден асқан . Бірақ орманшылар қарағайлы алқапты күзету мен ондағы жабайы жан-жануарларды қорғау жұмыстарын бір сәтке де тоқтатқан жоқпыз деп отыр. Аң-құсқа алдын ала дайындалған жем шөп шашып, ақшұнақ аязда қырылып қалуына жол бермеген. Бұрын-соңды болмаған үскіріктің салдарынан үсік шалып, шығын болған жануарлар жоқ көрінеді.

Мәди Мұхтар, «Семей орманы» резерватының орманды қорғау инженері:

Орманның ішінде негізгі температура жаздың күні ыстық, қыстың күні суық. Қаладан қарағанда, басқа жерлерден қарағанда. «Семей орманының» мемлекеттік инспекторлары өздерімен бірге күнделіктері бар. Орман ішіндегі құбылыстарды жазып отырады. Сол жазбаларға қарап салыстырмалы түрде биылғы жылы ақпан айындағы 55 градус төмендеген температураны тіркедік. Осы суықтардың кесірінен жабайы аңдардың шығындары тіркелген жоқ ешқандай. 

Хабарламаларға жазылу